10:13, 27 Сәуір 2011 | GMT +5
Салық комитеті жеке және заңды тұлғаларға сәйкестендіру нөмірлерін алу қажеттілігін ескертуде
АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Мемлекеттік органдардың алдағы уақытта сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН/БСН) пайдалану қызметіне көшуіне байланысты, әрбір жеке және заңды тұлға ЖСН немесе БСН сәйкестендіру нөмірлерін алулары қажет.
Бұл туралы Қаржы министрлігі Салық комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Жеке тұлғаларда ЖСН жеке куәлігінде фотосуреттің астында оң жағында, ал заңды тұлғаларда мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінде көрсетілген.
Жеке және заңды тұлғалар сәйкестендіру нөмірлерінің бар-жоғын салық органдарының дерек қорынан мына іздестіру қызметінің көмегімен - www.salyk.kz/ru/Pages/findtaxpayers.aspx - тексере алады.