Салық органдары салықтан жалтарудың 34 заңсыз жүйелерін анықтады

АНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Салық органдары салықтан жалтарудың 34 заңсыз жүйелерін анықтады.

Салық органдары салықтан жалтарудың 34 заңсыз  жүйелерін  анықтады

Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында депутаттармен кездесу барысында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин мәлім етті.

«Салықтық құқық бұзушылықтарға жасалған талдау нәтижесі бойынша біз салықтан жалтарудың 34 типтік жүйесін анықтадық. Осылар бойынша қазіргі кезде қаржы полициясы органдарымен бірлескен тиісті шаралар әзірленуде»,-деді комитет төрағасы.

2010 жылы салық органдарының аталған жүйелер аясында жасалған салықтық құқық бұзушылықтарды анықтауы нәтижесінде 88 млрд. теңге көлемінде қосымша салық төлемдері жиналды.

Осы орайда ол мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті жүргізуге қолайлы жағдай жасалғанына қарамастан, салық төлеушілердің кейбіреулері салық төлеуден жалтару мақсатында осындай түрлі заңсыз жүйелерді пайдаланып,заңсыз капиталды қалыптастыратынын айтып өтті.