Салық салу - мәселе шешімі емес

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы кезде қоғамда отбасылы болуға асықпайтын кәрі қыздармен қатар сүр бойдақтардың саны артқан. Алла тағала адам баласын өз ұрпағын көбейту үшін жаратты.
None
None

Еліміздің бас демографы Мақаш Тәтімов жыл жылжыған сайын сүр бойдақтардың санының артқанын қоғам үшін қауіптілікке балап отыр. Мысалы, елімізде 200 мыңнан астам 30-40 жастағы бойдақ ер азаматтар бар екен. Ал, бойжеткендердің саны одан екі-үш есеге артып жығылады. Бір Алматының өзінде соңғы бес жылда үйленуге асықпайтын еркектердің саны екі есеге көбейген. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, отбасын құрмаған ер азаматтардың басым бөлігі республикамыздың солтүстік тұрғындарын құрап отыр екен. Салт-дәстүрдің қаймағы саналатын оңтүстік облыстарда жалғызбасты еркектердің саны едәуір аз.

Әлеуметтік сала мамандарының жүргізген сауалнамасына сәйкес, сүрбойдақтардың басым бөлігі үйленуге асықпайтындықтарының себебін әлеуметтік жағдайдың жоқтығымен түсіндірген екен. Ал, әлеуметтанушылардың пікірінше, үйленгісі келмейтіндердің, немесе үйленуді кейінге шегеріп жүргендердің отбасын құруға деген құлшынысын арттыру үшін қоғамда жастарды отбасын құруға ынталандыру, отбасының құндылықтары жайлы насихат жұмыстары мүлдем жүргізілмейтін көрінеді, сол себепті үйленуге асықпайтын жастардың саны күн санап артып отыр.

Бойдақ салығын салу әзірге тек мәселе ретінде көтеріліп отыр, заң жүзінде бекітіліп, бойдақтардың мойынына міндеттеліп отырған жоқ. Ал, егер келешекте заң жүзінде іске асса, салық салу арқылы қоғамда мәселе өздігімен шешіліп кетеді деу тағы қиын. Үй болуға ниет ететіндердің санының көбейетініне ешкім шек келтірмес, дегенмен, салық төлеуді қиынсынып, әйтеуір үйлену керек болған соң үйлене салатындардың қатары көбейсе, ертеңгі күні жастардың іргесі мықты отбасы болып кететіндігіне ешкімнің де кепілдік бере алмасы анық. Соңында қоғамдағы ажырасушылардың қатарын толықтырып, жетім, тастанды балалардың санының артуына «үлес» қоспасына тағы ешкім кепіл бола алмайды. сүрбойдақтардың көбейетіні анық дейді халық санағымен айналысып жүрген мамандар.

Соңғы жаңалықтар