Салық салу мәселелері кеңейтілген отырыста қаралады
АСТАНА. Қазанның 12-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді.
Онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жан-жақты талқыға салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Заң жобасы салық түсімдерін реттеуге бағытталған. Заң жобасына үстеме пайда салығы мен пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша нақтылаушы сипаттағы түзетулер енгізу көзделіп отыр.