Салық төлеушілер көтерген көкейкесті мәселелерді назардан қалдырмаймыз - Салық комитетінің төрағасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеден одағы елдері аясында қазақстандық бизнес өкілдері тауарларының сапасына айрықша мән беруі маңызды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялық қызметіндегі брифингте ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев мәлім етті.

Салық төлеушілер көтерген көкейкесті мәселелерді назардан қалдырмаймыз - Салық комитетінің төрағасы

«Кеден одағы аясында жұмыс істеп жатқан салық төлеушілерге, кәсіпкерлерге тұрақты түрде түсіндіру жиындары өткізіліп тұрады. Біз көкейкесті мәселелер бойынша сауалдарға жауап беруге тырысамыз. Мұндай семинарлар тек Астанада ғана емес, сонымен қатар барлық өңірлерде өтеді. Ал күрделі сұрақтар туындаса немес үш елдің келісімі қажет болған жағдайды, онда консультативтік салықтық комиссияның қарауына шығарамыз. Осы жерде үш елдің сарапшылары бірігіп, тиісті шешім шығарады», - деді комитет басшысы.

«Еліміздің бизнес өкілдері 170 миллиондық нарыққа шығып отыр және осының өзі өндірілген тауаларды өткізуге үлкен мүмкіндік жасайды. Бірақ, екі елде (КО елдері) біздің кәсіпкерлерді құшағын жайып күтіп тұр дегенді білдірмейді, бұл тұрғыда еліміздің бизнес өкілдері бәскелестікке қауқарлы болып, тауардың сапасын көтеріп, осы ауқымды нарықты игеруі маңызды», - деп түйді Ә. Жұмаділдаев.