Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жалпы санын кем дегенде 20 пайызға азайту қажет

«Салықтық әкімшілендіруге келетін болсақ, фискалдық органдар мен салық төлеушілер арасындағы өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшуді қамтамасыз ету қажет. Мақсат - жазалау емес, ескерту. Салықтық бақылауды толық цифрландыруды жүргізу және салықтық есептілік нысандарын 30 пайызға қысқарту қажет. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жалпы санын кем дегенде 20 пайызға азайтуға болады және қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің пайымынша, маңызды фискалдық қайтарым болмаған жағдайда, оларды толығымен алып тастау керек. Қалғандарын біріктіруге болады.
«Бөлшек салықты енгізу жөніндегі бастама өзінің қажеттілігін көрсетті. Оң тәжірибені ескере отырып, Үкімет оны қамту аясын екі есеге кеңейтеді. Сондай-ақ, прогрессивті салық салуды енгізуді жеделдету қажет. Салық саясатын қайта іске қосу аясында Үкімет пен Парламенттен батыл және дәлелденген шешімдер қажет болады», - деді Мемлекет басшысы.