Салық және кедендiк әкiмшiлендiру саласындағы заңнама өзгерiстерге ұшырайды - Бақыт Сұлтанов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Салық және кедендiк әкiмшiлендiру саласындағы заңнама өзгерiстерге ұшырайды. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде Үкiмет отырысының қортындысына арналған брифингте ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов мәлiм еттi.
Айта кетейiк, бүгiн Үкiмет отырысында Қазақстанның қаңтар-мамыр айларындағы мемлекеттiк бюджеттiң атқарылу барысы қаралды.
"Салық және кедендiк әкiмшiлендiруді жетiлдiру бойынша шаралар iске асырылуда. Мысалы, жүйелi түрде бiрқатар заңнамалық өзгерiстер қарастырылуда. Оларды бiз бүгiн Үкiмет отырысында талқылап, қолдау таптық. Бұл өзгерiстер тауарларды кедендiк тазарту кезiндегi сыбайлас жемқорлықты және бюрократиялық кедергiлердi жоюға, кедендiк операциялардың ашықтығын және оларды жүзеге асырылу уақытын қысқартуды қамтамасыз ету арқылы мемлекеттiң бәсекеге қабiлеттiлiгiне оң әсер етуге мүмкiндiк бередi", - дедi министр.