Салықтан жалтару қылмыстарын әшкерелеу барысында астаналық қаржы полициясының күшімен 1,8 млрд. теңге өндірілді
АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат /Айнұр Кенебаева/ - Қаржы полициясы қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі уақытта салық төлеуден жалтару фактісімен байланысты жасалған қылмыстар жиі қайталанатын құқық бұзушылықтар санатында болып отыр.
Ағымдағы жылдың 3 айы ішінде осындай фактілер бойынша Астана қаласы қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері 27 қылмыстық іс ашып, 6 қылмыстық істі сотқа жолдады. Нәтижесінде мемлекетке 2,1 млрд көлемінде шығын келтірген фактілер ашылып, салықтан жалтару қылмыстарын әшкерелеу барысында астаналық қаржы полициясының күшімен 1,8 млрд теңге өндірілді.
Бұл туралы бүгін Астана қаласы қаржы полициясы департаментінде болып өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.
Қаржы полициясы мәліметтеріне сәйкес, кәсіпкерлік контрагенттерінен 3,5 млрд теңге өндіріліп, шығындарды өндіріп алу үшін айыпталушылардың құны 3,7 млн теңге болатын мүлкі тәркіленді.
Қаржы полициясы қызметкерлерінің тәжірибесі көрсеткендей, салық төлеуден жалтару фактілері салық декларациясына жалған мәлімет енгізу жолымен жасалған.