Салықтық жеңілдіктер болмаса проблема да болмайды - Мемлекеттік кірістер комитеті

АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазіргі уақытта талқыланып жатқан жаңа Салық кодексінде жекелеген азаматтар мен бизнеске жеңілдіктер қарастырылған. Бұл туралы бүгін  Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Арғын Қыпшақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Салықтық әкімшілендіру - мемлекеттiк басқару іс-әрекеттерінде көбірек байқалатын әлеуметтік сала. Егер салықтық әкімшілендіруде кемшіліктер болса, ол бюджетке түсетін салықтар түсімінің бірден төмендеуіне, салықтық құқық бұзушылықтардың көбеюіне әкеліп соғады. Ақыр аяғында ол зейнетақының, мұғалімдер, дәрігерлер мен басқалардың еңбекақысының мерзімінде төленбеуіне алып келеді», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар ол мемлекет тарапынан бизнесті қолдауға бағытталған салықтық әкімшілендіруді жетілдіру мәселелеріне тоқталды.

«Жеңілдіктер беру мәселесі Ұлттық экономика министрлігінің құзіретіне жатады. Дегенмен, ағымдағы жылы біз жекелеген жеңілдіктерді алып тастағанымызды, бірақ олар жаңа салық кодексінде бар екендігін айтқым келеді. Бұл Дүниежүзілік сауда ұйымына кірумен байланысты жайт. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісім бар», - деген төраға орынбасары, Салық кодексі жобасы жылдың соңына дейін қаралатындығын баса айтты.

А.Қыпшақов Мемлекеттік кірістер комитеті жеңілдіктерден арылғысы келетіндігін атап өтті.

«Егер олар болмаса, онда алаяқтыққа салуны проблемасы болмайтындығын, бәрі бірдей төлейтіндігін тәжірибе көрсетіп отыр. Аз болса да бірдей болғаны жақсы. Бірақ, жеңілдіктерді қажет ететін азаматтардың, бизнестің  бар екендігін түсінеміз. Сондықтан Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, мұны тыңғылықты талдаймыз. Яғни, тиімсіз жеңілдіктерді алып тастауды қарастырамыз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар