Салымшылардың ақшасы 2020 жылғы инфляция қаупінен қорғалған – Зейнетақы қоры
«Барлық құралдар бойынша бізде табыстылық деңгейі жоғары. 2020 жылы инфляция күрт көтерілетін болса да, зейнетақы активтері сақталады», - деді Жанат Құрманов.
Оның айтуынша, Ұлттық банк 2020 жылдың бірінші тоқсанында салымшылардың ақшасын ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік құнды қағаздарына инфестициялаған болатын. Бұл құнды қағаздардың табыстылығы 11 пайыз, ноталар бойынша орташа табыс 10,92 пайыз болды.
«Зейнетақы активтерінің шетел валютасына салынған инвестициясы тиімді болғандықтан 2020 жылы салымшылардың зейнетақысы инфляциядан қорғалады», - деді ол.
Оның айтуынша, салымшыларға өз жинақтарының инфляциядан қорғалуына қатысты алаңдауға негіз жоқ.
Өйткені, Заңға сәйкес мемлекет азаматтарға олардың зейнетақы жинақтарының инфляциядан қорғалуына кепілдік береді.
«Бір сөзбен айтқанда, салымшы зейнетке шыққан кезде, зейнетақы жинақтары азайып қалса, мемлекет оны өтеп береді. Бірақ бұл шара жинақталған инфляция алынған табыстан асып кеткен жағдайда ғана жүзеге асырылады», - деді ол.