Салынып жатқан құрылыс нысандарында құрылыс нормалары өрескел бұзылуда - апталық брифинг

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Жергілікті әкімшіліктердің салақтығынан «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынып жатқан құрылыс нысандарында құрылыс нормалары мен ережелері өрескел бұзылып отыр.
None
None
Бұл туралы бүгін Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов журналистермен болған апталық брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның сөзіне қарағанда, мұндай кемшіліктер Астана қаласы мен Жамбыл, Қызылорда, және Оңтүстік Қазақстан облыстарында анықталған. Мысалы Шымкентте әуелде «Сәуле» ауданында салынуы тиіс деп жоспарланған орта мектепті «Қайтпас» шағын ауданынан салу қажет болған. Оның себебі жергілікті әкімшілік мектепті салынуы тиіс жерде мұнай құбыры мен кабель желісі өтетіндігін ескермеген. «Ал Астанада салынып жатқан білім беру нысандарында құрылыс нормаларының өрескел бұзылуының нәтижесінде жарықтар пайда болған. Бұл нысандардың арасында Ильинка ауылында орналасқан 1 мың 200 орындық мектеп те бар. Көкшетаудағы 1 мың 200 орындық мектептің бір жақ қабырғасының беріктігі талапқа сай болмай шақты. Яғни онда да құрылыс талаптары толық сақталмаған», дейді ресми өкіл. Сондай-ақ ол келтірген мәліметтерге қарағанда, сапасыз жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының салдарынан мемлекет қана емес, құрылысшылардың өздері де зардап шегіп отыр. Мысалы Талдықорған қаласындағы №25 мектепті салып жатқанда сапасыз қойылған плиталардың құлауы салдарынан екі адам мерт болған.
Соңғы жаңалықтар