Салынып жатқан үй құлап, екі адам астында қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сургутте (Ханты-Мансий автономды округы) бейсенбі күні салынып жатқан үй құлап, оқиға орнында екі адам қаза тапты, тағы бір адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Бұл туралы аймақтық ТЖМ хабарлады.
"Бір адамның мәйіті үйіндінің астынан табылды, екі адам жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді, кейін белгілі болғандай, зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмған", деп нақтылады ТЖМ.
Ғимараттың төртінші және бесінші қабаттары арасындағы жабыны опырылып түскен.