«Самара-Шымкент» трассасында 52 шетел азаматы жолда қалып қойған

АСТАНА. KAZINFORM — ТЖМ құтқарушылары 52 шетел азаматын эвакуациялады, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

автобусы сынған жолаушылар
Фото: Видеодан скриншот

Түнде «Самара-Шымкент» тас жолында жолаушылар автобусы бұзылып, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында тұрып қалды.

— ТЖМ қызметкерлері ақаулы автобустан жақын маңдағы Ырғыз ауылының жылыту пунктіне 52 жолаушыны, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады. Көпшілігі Өзбекстан Республикасының азаматтары және 6 адам Тәжікстан Республикасының азаматтары болып табылатын жолаушылар осы сәтте басқа автобуспен баратын жеріне кетті. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болмады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше қар құрсауында қалған 59 қостанайлық құтқарылды.

Соңғы жаңалықтар