Самара-Шымкент жолында сынған автобустан Қырғызстан азаматтары құтқарылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында қыстыгүні жолда қалған қырғызстандық азаматтарға көмек көрсетілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінен алынған мәліметке қарағанда, 30 қаңтар күні Самара-Шымкент жолының 1826-шақырымында қырғызстандық нөмірі бар «Мерседес Спринтер» автобусының сынып қалғаны жөнінде хабар түскен.
Автобус жолаушыларына көмекке Сырым аудандық ТЖ бөлімінің қызметкері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері жіберілді. Жинақы іс-әрекеттің нәтижесінде Жымпиты ауылындағы жол-пайдалану учаскесінің жылыту пунктіне Қырғыз елінің 13 азаматы жеткізілді.