Самара түбінде жол апатына ұшыраған автобуста балаларымен бірге Қазақстанның 85 азаматы болды

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Самара түбінде жол апатына ұшыраған автобуста Қазақстанның 85 азаматы болды.
None
None

Бұл туралы Ресейдің Самара облысы бойынша ТЖМ ММ баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведомствоның нақтылауынша, «Подлесный-Темашево» тас жолының 34-інші шақырымында Кинельск муниципалды ауданы Алакаевка кентінің аумағында жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік апаты болды.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенде «MERSEDES BENZ» (отыратын 54 орын) автобусы аударылғаны және ол жол жиегіндегі жырада жатқандығы анықталды. Қаза болғандар жоқ. Аталмыш учаскеде қозғалыс тоқтаған жоқ. Автобуста жұмысшылар - Қазақстан Республикасының 85 азаматы болды.

Жол апаты салдарынан 21 адам жапа шекті. 20 адам жедел жәрдем қызметінің көліктерімен және жолшыбай машиналармен Красный Яр кенті, Больничный көшесі, 44 мекенжайы бойынша орналасқан Краснояр аудандық орталық ауруханасына жеткізілді, оның 3-еуі (оның ішінде бір бала) емдеуге жатқызылды. Науқастардың жағдайы «орташа ауыр» деп бағалануда. 17 адамды ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. Кинель қаласы, Полевой көшесі 23 мекенжайы бойынша орнласқан Кинель аудандық орталық ауруханасына 1 адам жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын «орташа ауыр» деп бағалап отыр.

Қалған жолаушылар жол апаты орнынан діттеген жерлеріне (Мәскеу қаласына) жол-жөнекей автобустармен жөнелтілді. Ал автобустың жүргізушісі оқиғаның себептерін анықтау мақсатында жол апаты орнында болды, кейін медициналық куәландыруға жөнелтілді. Бүгінгі таңда жол сақшылары оқиғаның себептерін анықтау үстінде.

Соңғы жаңалықтар