Самарқандта Ислам Каримовтың ескерткіші ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Самарқандта Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың ескерткішінің салтанатты ашылуы болды. Ашылу салтанатына мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев қатысты, деп хабарлайды uznews.uz .
None
None

Өзбекстан басшысы Самарқандқа сапарын мемориалдық кешен орнатылған Ислам Каримовтың қабіріне барудан бастады. Ислам Каримовтың ескерткіші Регистан алаңының жанындағы саябақта орнатылған. Оған жақын маңда тұңғыш президенттің туып-өскен үйі бар. Монументті Шавкат Мирзиёев пен тұңғыш президенттің жесірі Татьяна Каримова ашты. Ескерткіштің түбіне гүл шоқтары қойылып, Өзбекстан Республикасының әнұраны шырқалды. 31 тамыз күні Ташкенттегі Оксарой резиденциясының алдында Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың ескерткіші ашылды.
nullnull

Фото:UzNews.uz/Sherzod Ikramutdinov 

Соңғы жаңалықтар