Самбо федерациясы осы күрес түрін Олимпиадалық деп тану туралы өтініш берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Самбо осы уақытта-ақ Еуропа және Азия ойындары, Универсиада мен «Спортаккорд» Бүкіләлемдік жекпе-жек ойындары сияқты ірі халықаралық жарыстардың тізіміне кіргізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігінің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып.

Самбо федерациясы осы күрес түрін Олимпиадалық деп тану туралы өтініш берді

Халықаралық самбо федерациясы сейсенбі күні (FIAS) Халықаралық олимпиада комитетіне (ХОК) самбо күресін олимпиадалық спорт түрі деп тану туралы өтініш түсірді. Бұл туралы Ресей Федерациясы президенті жанындағы Дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі кеңестің мәжілісінде Жалпыресейлік самбо федерациясының президенті Сергей Елисеев мәлім етті.

«Сейсенбі күні ХОК ұйымына самбоны олимпиадалық спорт түрі ден тану туралы өтініш берілді. Самбо Еуропа және Азия ойындары, Универсиада мен «Спортаккорд» Бүкіләлемдік жекпе-жек ойындары сияқты ірі халықаралық жарыстардың тізімінде бар»,-деді Елисеев.

Айта кетейік, самбоны әлемдік олимпиада ұжымына кіргізу жөніндегі бастама Василий Шестаковтың бастамасымен 2009 жылы жария етілген болатын. 2003 жылы Мемлекеттік спорт комитетінің шешімімен самбо ресми түрде Ресейдің ұлттық және басымдыққа ие спорты болды.