Самбо Халықаралық студенттік спорт қауымдастығы күнтізбесіне енді

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Самбо Халықаралық студенттік спорт қауымдастығының /ФИСУ/ ресми күнтізбесінде ұсынылған 37 спорт түрінің қатарына енді. Бұл шешім Брюссельдегі ФИСУ атқару комитетінің отырысында қабылданды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС Халықаралық Самбо федерациясының /ФИАС/ атқарушы директоры Сергей Табаковқа сілтеме жасап.
None
None

Студенттер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты 2016 жылғы желтоқсан айында Кипрдың Лимассол қаласында өтеді.

ФИСУ атқару комитетінің отырысында самбоның тұсаукесері өтті.

ФИАС тұсаукесері ФИСУ атқару комитеті барлық мүшелерінің және оның президенті Клод-Луи Гальеннің өте жоғары бағасына ие болды. Нәтижесінде ФИСУ атқару комитеті барлық бастамаларды да қолдады.

Соңғы жаңалықтар