Самбо: Мәскеудегі турнирде қазақстандықтар 8 жүлде алды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласында самбодан мәреге жеткен «Харлампиев мемориалы» әлем кубогы жарысында қазақстандық балуандар сегіз жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық самбо федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, осы күрес түрінің негізін қалаушылардың бірі Анатолий Харлампиевті еске алуға арналған турнир биыл 35-інші рет ұйымдастырылды.

Самбо күресінің 80 жылдығы аясында өткен айтулы додаға әлемнің 28 елінен 300-ден астам балуан қатысып, бақ сынады.
null 

Қазақстан құрамасынан әйелдер арасында Аққал Өтебек 60 кг, Айжан Жылқыбаева 48 кг, сондай-ақ спорттық самбодан Бағлан Ибрагим 52 кг, Парасат Жұмабаев 62 кг, Ғалымжан Әбдірахманов 74 кг салмақта күміс жүлдегер атанды. Олардың бәрі де финалдық белдесуде ресейлік спортшыларға есе жіберді. Әскери самбодан Қуаныш Аязбаев 90 кг салмақта үшінші орынға ілікті.

Батыс Қазақстан облысынан барған Бағдат Жарылғасов спорттық самбодан 68 кг салмақта қола жүлдеге ие болды. Оның алғашқы бапкері - марқұм Қазбек Ибрашев. Оған қоса әскери самбодан Қазбек Сұпығалиев соңғы сында ресейлік Сергей Разиннен ұтылып, күміс медальді еншіледі. Оның бірінші жаттықтырушысы - Баймолла Құбашев.

Көптеген додаларда бәйге алып жүрген бұл палуандардың екеуі де қазір Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Райбек Меңдіғалиевтің қоластында жаттығады.

Соңғы жаңалықтар