Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Самбодан ӘЧ: Жарыстың екінші күні қазақстандықтар екі қола жүлде алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Самбодан ересектер арасында Оңтүстік Кореяның Чхонджу қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күні қазақстандықтар қос қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Самбодан ӘЧ: Жарыстың екінші күні қазақстандықтар екі қола жүлде алды

Халықаралық самбо федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, бүгін ерлер мен әйелдер арасында және жауынгерлік самбо бойынша тоғыз салмақ дәрежесінде жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды.

Қазақстандық Ажар Салықова 64 кг салмақта жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Сондай-ақ жауынгерлік самбодан Асылбек Смаилов 82 кг салмақта қола медальға ие болды.

Әлем чемпионаты ертең мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, жарыстың алғашқы күні қазақстандықтар қос күміс, бір қола медаль жеңіп алды.