09:35, 15 Қазан 2016 | GMT +5
Самбодан әлем чемпионатында оралдық балуан қола жүлдені иеленді
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық балуан Серікбай Нығмет Румынияның Плоешти қаласында самбодан өткізілген жастар арасындағы әлем біріншілігінен қола жүлдемен оралды.

БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, 68 салмақта күрескен Серікбай үшінші орын үшін бәсекеде армениялық спортшыны тізе бүктірді. Оның жеке бапкері - өзі де кезінде самбодан жастар арасындағы дүниежүзілік додада топ жарған және ересектер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Бірлес Есенғалиев.
Айта кетейік, С.Нығмет осыған дейін 2014 жылы Сеулде өткен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде де қола жүлдені еншілеген болатын.