Самбодан әлем кубогы кезеңінде қос бірдей батысқазақстандық палуан чемпион атанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Астана қаласында «ЭКСПО-2017»  халықаралық көрмесі аясында самбодан  ҚР Президентінің жүлдесі үшін әлем кубогы кезеңінде батысқазақстандық палуандар табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

Әскери самбодан Қазбек Сұпығалиев 62 кг және Темірлан Ихсанғалиев 82 кг салмақта ешкімге дес бермей, алтыннан алқа тақты. Сол секілді самбодан 57 кг салмақта Сырым Мейірманов финалға дейін жақсы күресіп, соңғы бәсекеде әлем чемпионы Бейімбет Қанжановқа ғана есе жіберді. 68 кг салмақта Нұрбол Серіков күміс жүлдеге қол жеткізсе, Бағдат Жарылғасов үшінші орынға көтерілді. Оған қоса Болатбек Райымқұлов (52 кг) пен Темірлан Көлбай (100 кг) қола жүлдеге ие болды.

null

Айта кетейік, халықаралық самбо федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, екі күннің қорытындысы бойынша Қазақстаннан әйелдер арасында Назгүл Елмұратова (52 кг), Аққал Өтебек (60 кг), Динара Жұмабаева (64 кг), ерлерден Б.Қанжановқа қоса Ғалым Әбдірахманов (74 кг), әскери самбодан Наурызбек Дәулетбаев (57 кг), Асылбек Смаилов (74 кг), Райхан Мәди (100 кг) чемпион атанды. 

null

Соңғы жаңалықтар