21:03, 04 Маусым 2009 | GMT +5
Самбодан Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы командалық есепте үздік атанды
ТАШКЕНТ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Қазақстан мен Өзбекстан самбошыларының дәстүрлі кездесуінде қонақтардың жолы болды. Чемпионаттың алғашқы күнінен-ақ қазақстандықтар басты қарсыластарға айналды.
ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлағанындай, 25 елдің командасы қатысып жатқан Ташкенттегі самбодан Азия чемпионатында біздің жерлестеріміз ? ерлер де және қыздар командасы да ойдағыдай ойын өрнегін көрсетуде.
Төрт алтын, бір күміс және бір қола медаль алған ерлер командасы өздерін мойындатты. Командалық есепте біздің самбошылар үшінші орын алған сириялықтар мен екінші орынға шыққан жарыс иелерін де басып озды.Ерлер арасында 57 килә салмақта шаршы алаңға шыққан Ерболат Байбатыров ең үздіктер қатарынан көрінді, ол екінші рет Азия чемпионы атанды. 100 киләдан жоғары салмақта күш сынасқан алматылық Павел Лысенко өзбекстандық самбошыны тізе бүктіріп, алтыннан алқа тақты.