Самбодан «Динамо» спорт қоғамының ашық чемпионатында Алматы қалалық ішкі істер департаментінің командасы жеңімпаз атанды

АЛМАТЫ. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Алматыда құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары арасында 29-30 наурыз аралығында «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамының  ашық чемпионаты өтті.

Самбодан «Динамо» спорт қоғамының ашық чемпионатында Алматы  қалалық ішкі істер департаментінің командасы жеңімпаз атанды

Оған 8 салмақ дәрежесі бойынша 8 командадан 64 спортшы қатысты. Командалық сында 3 алтын, 3 күміс, 1 қола олжалаған Алматы қаласының ішкі істер департаменті бірінші орын алды.  4 алтын, 1 күміспен  ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Шығыс» аймақтық басқармасы екінші, ал 1 алтын, 1 күміс, 4 қола медалмен Республикалық Гвардия  үздік үштікті түйіндеді. Жекелей сында ішкі істер қызметкерлерінен - Ардақ Тұрсынғазы (74 кг), Айбек Атажанов (82 кг), Ербол Байбосынов (+100 кг), шекарашылардан - Руслан Нысанбаев (57 кг), Марат Сүлейменов (68 кг), Тимур Рахметжанов (90 кг), Амангелді Байбосынов (90 кг), гвардияшылардан -Жасболсын Қаналиев (62 кг) жеңімпаз атанды.