Самбошы Бағлан Ибрагим Азия ойындарының чемпионы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Самбодан Қазақстан командасының мүшесі Бағлан Ибрагим жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

52 келіде сынға түскен балуан финалда моңғолиялық Эрденбаатар Шаалууды 4:0 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге қол жеткізді. 

Сондай-ақ, бүгін самбошылар Қазақстан қоржынына екі қола жүлде салды.

Бейімбет Қанжанов пен Айжан Жылқыбаева өз салмақтарында үздік үштікке енді. 

 

Соңғы жаңалықтар