18:41, 31 Тамыз 2018 | GMT +6
Самбошы Бейімбет Қанжанов Қазақстанға Азиаданың 63-жүлдесін әперді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Самбошы Бейімбет Қанжанов Азиядада Қазақстанға 63-ші жүлдені әперді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сілтеме жасап.
Самбодан 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бейімбет Қанжанов Өзбекстанның спортшысы Ислом Ахмеджановқа қарсы шықты. Айқас 2-0 есебімен қазақстанның пайдасына шешілді.
Қазір Қазақстан қоржынында 63 медаль бар. Оның 11-і алтын, 11-і күміс, 41-і қола.
Фото: www.olympic.kz