Саммит кезінде астаналық жедел жәрдем мен ауруханалар бұрынғыдай жұмыс істейді

АСТАНА. KAZINFORM — 3-4 шілдеде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді. Бұл күндері жедел медициналық жәрдем станциясы, емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді.

аурухана
Фото: Астана әкімдігі

Қалалық стационарлар бұрынғыдай қала тұрғындарын тәулік бойы қабылдайды.

Резервтік бейінді палаталарды бөлу арқылы шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық дайындық қамтамасыз етілді.

Емханалар да әдеттегідей жұмыс істейді: алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары таңғы 8:00–ден 20:00–ге дейін, активтер мен қоңырау қабылдау 8:00–ден 16:00–ге дейін жұмыс істейді.

Жедел медициналық жәрдем пациенттерге көмек көрсетудің қолжетімділігі мен жеделдігін қамтамасыз ете отырып, жұмысы 24/7 жүзеге асады.