Самоадағы цунами құрбандарының саны артты
АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат - Тынық мұхиттағы Самоа аралына төнген цунамиден болған құрбандардың саны кемінде 150 адамға жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, цунамидің жаңа құрбандарының мүрделері табиғат апатынан зардап шеккен аумақтардағы іздеу-құтқару жұмыстарының барысында анықталды. Бұған дейін 119 адамның мерт болғаны хабарланған болатын. Таяу уақыттары опат болғандардың саны өсе түседі деп күтілуде.