Самоаға цунами төнді, құрбан болғандар бар
АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат - Батыс Самоаға төнген цунамидің салдарынан бірнеше адам қаза тапты. Бұл туралы хабарлаған жергілікті полиция өкілдері, олар құрбан болғандардың нақты санын айтқан жоқ,
деп хабарлайды Reuters жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Дегенмен, үлкен толқындардың аралдың ішіне қарай 800 метрден 1 мың 600 метр қашықтыққа дейін еніп, үлкен зардап келтіргені мәлім болды. Жергілікті өкіметтің хабарлауынша, қазіргі уақытта қаза тапқандардың санын нақтылау мүмкін емес, себебі көптеген алыс деревнялармен байланыс жоқ - биіктігі 2 метрден 6 метрге дейін жеткен бірнеше толқын барлық коммуникацияны бұзған. Бірақ та, 100-ге жуық адамның опат болу ықтималдығы айтылуда.
Цунами Рихтер бағамы бойынша күші 7,9 балдық қуатты жер сілкінісінің салдарынан орын алып отыр. Зілзаланың кіндігі Тонго аралының солтүстік-шығысына қарай 180 шақырымдай қашықтықта, Самоа аралының оңтүстік-батысына қарай 200 шақырымдай қашықтықтай жерде тіркелген. Ақпараттар түсіп жатыр.