Самос аралдары маңында босқындар мінген қайық суға кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грекия шекарашылары Самос аралы маңында босқындар мінген қайық суға кетіп, 4 әйел, бір бала мерт болғанын хабарлады, деп жазады «ВВС» агенттігі.
Бұл - Еуропаға ағылған босқындарды тоқтату бойынша жасалған ауқымды шарадан кейінгі оқиға.
Айта кетейік, апта басында, дүйсенбі күні ЕО және Анкара арасындағы келісім бойынша Грекиядан Түркияға алғаш рет 200 босқын қайтарылған болатын. Сонымен қатар, жұма күні де 120 адам Түркияға қайтарылды.
Грекия билігінің айтуынша, осы шаралардан кейін босқындардың келуі айтарлықтай шектелгені байқалады. Алайда, кейбір босқындар барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, Грекия аралдарына жетуді мақсат етеді.