«Samruk-Kazyna 2020» кітабы таныстырылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада өтіп жатқан Астана экономикалық форумы аясында «Самұрық-Қазына» қорының «Samruk-Kazyna 2020» кітабы таныстырылды.
None
None

Басылымда қор мен оның портфельдік компанияларындағы трансформация бағдарламасы жайлы өзекті ақпараттар мен бағдарламаның нәтижесінде түсетін пайда туралы болжамдық мәліметтер берілген.

«Біз барлық туындаған сұрақтарға жауап беруге тырысамыз. Бірақ, трансформация - көптеген бағыттардан тұратын күрделі үрдіс. Сондықтан осындай кітап шығару қажеттігі туындады. Бұл кітапта «Самұрық-Қазына» АҚ трансформациясы туралы өзекті деректер жинақталған және жұртшылықтың, БАҚ пен сарапшылардың негізгі сұрақтарына жауап берілген», - деді кітаптың таныстырылымы барысында.

Оның айтуынша, шетелдік зайырлы қорлардың тәжірибесі көрсеткендей, трансформацияны аяқтау үшін кемінде 10 жыл уақыт керек. Дегенмен «Самұрық-Қазына» қорының жаңа тұжырымдамасының кейбір элементтері қазірдің өзінде жүзеге асырылуда. Бұған қоса, Қазақстан экономикасының күре тамырына айналған қордың еншілес компанияларын да трансформациялау жоспарлары әзірленген.

Кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылып отыр.
null null null null

Соңғы жаңалықтар