Samsung адамның көз қимылын сезетін смартфон шығармақ

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Samsung-тің жаңа смарт­фоны адамның көз қимылын сезетін болады. Бұдан былай қолданушылар дисплейдегі беттерді көз­қарасымен-ақ па­рақтай алады,
None
None

деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.

Жаңалықты The New York Times ха­бар­лайды. Оңтүстіккореялық ком­па­ния дайындап отырған тосын сый жайлы кәсіпорынның аты-жөнін жария етпеген бір қызметкері айтып бер­ген. Оның сөзіне қарағанда, жа­ңа Galaxy S IV экраны қолдану­шы­ның көз қимылын бағатын болады. Егер адам дисплейдегі жазуларды оқып бітсе, экран өзінен-өзі келесі бет­ті ұсынады. Сондай-ақ беттер мен жолдарды әдеттегідей сау­сақ­пен ғана емес, енді көзбен де түртіп, ауыс­тыруға болады.

Соңғы жаңалықтар