Samsung Астанада оқушы қыздың қалтасында ұялы телефонның жарылуына байланысты жағдайды зерттеп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Samsung компаниясы Астанада бірінші сынып оқушысының қалтасында ұялы телефонның жарылуына байланысты жағдайға түсініктеме берді.
None
None

«Samsung мамандары болған оқиғадан хабардар. Біз осындай жағдайдың орын алуына себеп болған өнімді алғаннан кейін кешіктірмей зерттеуді бастаймыз. Біз өзіміздің тұтынушыларымыздың қауіпсіздігіне бей-жай қарамаймыз. Samsung Kazakhstan баланың ата-анасымен оларға қажетті қолдау көрсету және осы жағдайды одан әрі анықтау үшін байланысты үзбейді», - делінген компанияның хабарламасында.

Еске сала кетейік, жеті жасар қыз қалтасындағы "Samsung Galaxy S2" ұялы телефоны жарылғаннан кейін үшінші деңгейде жарақат алған. Ол ауруханаға жатқызылды, ата-анасының сөзіне қарағанда, оның терісін жамау үшін отаға дайындап жатыр.

Соңғы жаңалықтар