Samsung бағасы рекордтық деңгейге дейін төмендеді
АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Samsung Electronics соңғы бір жарым ай ішінде 28 млрд. доллар нарықтық капиталынан айырылды. Әлемдегі ешбір компания мұндай күйге түскен емес, деп жазады РБК.
Сатылымда смартфондардың көбеюі салдарынан Samsung бизнесінің түсімі азаюда. Сарапшылардың пікірінше, компания тағы да осындай мөлшердегі пайдасынан айырылуы мүмкін.
Өткен жылдың 29 қарашасынан бастап Samsung өнімдері 13%-ға арзандаған. Салыстыра алғанда, бұл компания жапондық Sony компаниясына қарағанда, капиталдандырудан көбірек зардап шекті (18,2 млрд долл.). Мәселен, кәрістердің басты бақталасы американдық Apple компаниясының акциялары бар болғаны 4,2% арзандаған.
Оңтүстік Корея компаниясының акциялары тағы 11% арзандауы мүмкін, деп санайды Berenberg Bank сарапшысы Аднаан Ахмад. Bloomberg мәлімдеуі бойынша, ол соңғы 12 ай ішінде Samsung акцияларының серпінін дәлме-дәл болжаған. Компания капиталдандыруының азаю себебі - бизнесінің төмендеуінде. Қазан және желтоқсан айларының аралығында оңтүстіккорейлік компанияның операциялық табысы 6%-ға, яғни 8,3 трлн. вонға (7,8 млрд. долл.) дейін төмендеген.
Samsung компаниясы қаңтар айының соңында толық есебін көпшілікке ұсынбақ. Сарапшылардың пікірінше, оның табысының құлдырау себебі компанияның 20 жылдығына қызметкерлеріне шамамен 1 млрд. долларды құрайтын бонустың төленуінде ғана емес. Daewoo Securities бағалауы бойынша, төртінші тоқсанда компания бар болғаны 13 млн. Galaxy S4 смартфондарын сатқан, ал алдыңғы тоқсанда сату көлемі 17 млн.-ды құраған болатын.