Samsung басшысы бес жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореядағы ең бай кәсіпкерлердің бірі, Samsung Electronics компаниясының басшысы Ли Чжэ Ён жемқорлық жасағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
None
None

Бұл дау-дамай елдің бұрынғы президенті Пак Кын Хенің импичментіне айналып, Оңтүстік Корея экономикасының негізін қалап тұрған ірі корпорацияларға халықтың наразалығы өрши түсті.

Ли бұрынғы президент Пактың бейресми кеңесшісі және құрбысы Чхве Сун Силдің қарамағындағы қорларға қаржыны заңсыз аударғанын мойындамады. Маусым айында Чхве билікті асыра пайдаланғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылса, Пак жемқорлық жасады деген айып бойынша сот алдында жауап берді.

Ақпан айында ұсталып, жұма күні сотталған 49 жастағы Ли электроника, ұялы телефондар, теледидарлар, мониторлар мен тұрмыстық техника шығаратын Samsung компаниясының ресми түрде вице-президенті. Алайда оның әкесі, компания президенті Ли Гон Хи инфаркт алғаннан кейін ол корпорацияның ресми басшысы саналады.

Ли үкімді қайта қарату үшін шағым түсіруге ниетті, деп хабарлады оның адвокаты. 

Соңғы жаңалықтар