Samsung дөңес экранды теледидар шығарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Samsung Electronics компаниясы өзінің ресми блогында жаңа дөңес экраны бар 34 дюймді монитор - SE790C шығаратынын хабарлады.

Samsung дөңес экранды теледидар шығарады

3dnews мәлім еткендей, мониторды TUV Rheinland халықаралық сертификациялық ұйымы сынақтан өткізген. Нәтижесінде бұл теледидар көзге өте қолайлы болып шықты. Оның дөңес болуы көріністерді де ірілеу етіп көрсетеді.

Picture-by-Picture функциясы компьютерді, ноутбукты қосып, осы екі құрылғының суреттерін көрсете алады. Жаңа теледидар Consumer Electronics Show 2015 көрмесі барысында таныстырылады. Дегенмен оның құны мен саудаға шығарылатын күнін өндіруші әзірге жария етпей отыр.