Samsung Electronics басшысы жансақтау бөліміне түсіп қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Samsung Electronics компаниясының төрағасы Ли Кун Хи тыныс алу органдары сырқатымен Samsung Medical Center ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
72 жастағы кәсіпкерге жасанды тыныс алу және жүрегіне тікелей массаж жасалды, деді компания өкілі. Ол Ли Хун Хидің жағдайы тұрақты деп нақтылады.
1990 жылдардың соңынан бері Ли Кун Хи Оңтүстік Кореядағы жетекші конгломерат Samsung Group басшысы болып келеді, оның өкпесіне бұрын операция жасалған болатын, содан бері ол тыныс алу проблемасымен зардап шегуде.
Сарапшылардың пікірінше, Ли Кун Хидің денсаулық жағдайының нашарлауы Samsung Group компаниясын бақылауды оның ұлы Ли Чэ Ёнге беру үдерісін шапшаңдата түспек.
Samsung Electronics корпорациясы жартылай өткізгіштер, смартфондар және басқа да электрондық техника өндіретін әлемдегі ірі компаниялардың бірі.