Samsung ең жұқа флешка жасап шығарды

АСТАНА. Қарашаның 6-сы. ҚазАқпарат - Кореялық корпорация Samsung flash-жадты ең жұқа модулді жасап шығарғанын жариялады,

Samsung ең жұқа флешка жасап шығарды

 деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.

Модулдің қалыңдығы 0,6 миллиметрді құрайды, сыйымдылығы - 32 гигабайт.

Samsung-тың деректері бойынша, құрылғы кәдімгі жадтық модулдерден 40 пайызға жұқа және жеңіл. Жаңа модуль 30-нанометрлік технологиялық үдерістер бойынша орындалған сегіз 32-гигабайтты чиптерден тұрады.

Шамадан тыс жұқа модулдер медиаплеерлер, ноутбуктер және мобильниктер сияқты портативті құрылғыларда кеңінен қолданылады деп күтілуде. Корпорация әзірге ықтимал тапсырыс берушілерді атамай отыр.