Samsung Galaxy Note 7 смартфондарын өшіріп тастауға кеңес берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Samsung Electronics компаниясы ұшақтар бортында бірнеше рет өртене бастаған Galaxy Note 7 телефонының сатылымын уақытша тоқтатқанын мәлімдеді және барлық сатып алушыларға оларды өшіріп тастауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Reuters агенттігі оңтүстіккореялық компанияның мәліметіне сілтеме жасап хабарлауынша, Samsung барша әлемдік серіктестерінен ресми тергеу аяқталғанша Galaxy Note 7 телефондарының сатылымын тоқтатуды сұрады.
АҚШ сатып алушыларына арналған компания сайтында осы телефон моделін сатып алған барлық қолданушыға құрылғыны өшіріп, оны мүлдем қолданбау ұсынылды. Сонымен бірге, смартфонды Galaxy S7 моделіне немесе 25 доллар бонусымен Galaxy S7 edge-ге ауыстыру мүмкіндігі бары жазылған.