Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Samsung Galaxy Note 7 смартфоны АҚШ-тағы автокөлік өртіне себеп болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Флорида штатындағы Сент-Петерсберг қаласында жергілікті тұрғын өзінің Grand Cherokee автокөлігінде Samsung Galaxy Note 7 смартфонын қуаттауға қалдырып кеткен.

Samsung Galaxy Note 7 смартфоны АҚШ-тағы автокөлік өртіне себеп болды

Кейінірек гаджет жарылып, болжам бойынша, автокөлік өртіне себеп болған, деп хабарлайды ABC телеарнасы.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өртті сөндірді, бірақ көлікті аман алып қала алмады, ол түгі қалмай өртеніп кеткен.

Штаттың өрт сөндіру қызметі және Samsung компаниясы оқиғаның анық-қанығына көз жеткізуде.

Автокөлік иесі Натан Дорнакер өртеніп жатқан Grand Cherokee суретін өзінің Facebook парақшасына жариялады.

Бұған дейін оңтүстіккореялық Samsung компаниясы құрылғының ақауларын жөндеу үшін Galaxy Note 7 смартфонының сатылымын тоқтату туралы шешім қабылдаған еді.