Samsung Қазақстанда IT мамандарды даярлауға атсалысады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев пен Samsung Electronics компаниясының корпоративті президенті Ин Йонг Ри IT мамандарды даярлау, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және ғылым саласында ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін қарастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумына қатысты.

Іс-шарада Премьер-Министр, мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдардың жетекшілері, отандық және халықаралық сарапшылар болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңа технологиялар саласында жетекші ойыншыға айналу ниеті бар екенін жеткізді.

«Қазақстан жаңа технологиялар, криптоэкожүйе, сонымен қатар реттелетін және ашық цифрлық майнинг салаларындағы жетекші ойыншыға айналуға ниетті», - деді ҚР Президенті «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумы барысында.

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңындағы арнаулы ілкі жоба аясында криптовалютаны конвертациялау жүргізіліп жатқанын айтты.






Фото: t.me/bort_01


Соңғы жаңалықтар