Samsung кірісі 1,5 есеге өсті

АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың екінші тоқсанында Samsung табысы 2012 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 50 пайызға жуық өсті.

Samsung кірісі 1,5 есеге өсті

Сәуір - маусымда оңтүстіккореялық компанияның таза кірісі рекордтық 6,96 миллиард АҚШ долларын құрады.

Сарапшылардың пайымдауынша, кіріс көлемінің артуына Galaxy S смартфондарының сәтті саудалануы себеп болған.