Samsung Қытайда қымбат емес жаңа екі смартфонды сатылымға шығармақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Samsung Electronics Co Ltd компаниясы қытайлық бәсекелестерге қарсы жауап ретінде және әлемдегі ірі смартфондар нарығындағы көшбасшылықты өзіне қайтарып алу мақсатымен орташа бағадағы екі жаңа телефонды ұсынбақ, деп хабарлады reuters.com.

Samsung Қытайда қымбат емес жаңа екі смартфонды сатылымға шығармақ

Galaxy A3 пен A5 үлгілері - толық металл корпусымен шыққан алғашқы Samsung телефондар. Бұдан басқа, екі құрылғы да - компания тарихындағы ең жұқа смартфон.

Гаджеттер Қытайда қараша айында сатыла бастайды. Компания смартфондар бағасын әлі жария еткен жоқ.