Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Samsung өндіріс ошақтарындағы зиянды заттар туралы ақпаратты теріске шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстіккореялық Samsung компаниясы өнідірістегі зиянды заттар туралы ақпаратты өз қызметкерлерінен жасырып келген деген хабарды теріске шығарды, деп жазады ВВС агенттігі.

Samsung өндіріс ошақтарындағы зиянды заттар туралы ақпаратты теріске шығарды

Бұған дейін, Samsung өндіріс ошақтарында жұмыс жасаған адамдардың отбасылары бірігіп, 76 қызметкер өндірістегі компьютерлерде пайдаланылатын токсинді химикаттармен жұмыс жасағандықтан қаза тапты деп мәлімдеме жасаған болатын.
Ал, Samsung өкілі компания барлық талаптарды орындап келгенін мәлім етті. Компания мәлімдемесінде қызметкерлердің қауіпсіздігі ең басты басым бағыт екені айтылған.
Арызданушылардың айтуынша, компания зиянды заттар туралы ақпаратты қасақана жасырып отыр.