Samsung QLED TV жаңа дәуір теледидарларын ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіндегі Samsung фирмалық павильонының ашылуы аясында инновациялық теледидарлар желісінің жаңа буынының VIP-таныстырылымы өтті.

Samsung QLED TV жаңа дәуір теледидарларын ұсынды

Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы «Болашақ энергиясы» жаңашыл тұжырымдамасындағы ауқымды жобаға Жаһандық әріптес ретінде белсенді қолдау көрсетеді.

null 

Индустрияда сапаның жаңа стандарттарын белгілейтін, құрамында кадмийі жоқ, экологиялық қауіпсіз кванттық нүктелер технологиясы бойынша жасалған теледидарлардың ресми таныстырылымының дәл осы іс-шара аясында өтуі таң қаларлық жағдай емес.

ТД-ның жаңа желісін ұсыну Samsung фирмалық павильонының ашылуына орайластырылды, бұл павильонда компанияның тұтынушылық электроника саласындағы соңғы көшбасшыларымен қатар, тиімді жұмыс істеуге арналған ең соңғы үлгідегі В2В-шешімдермен жарақталған көп функциялы таныстырылымдық коворкинг орталығы ұсынылған - мұнда көрме қатысушылары кездесулер, конференциялар және таныстырылымдар өткізетін болады.

Салтанатты ашылу рәсіміне Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Дэ Сик мырза қатысты.

null   

Таныстырылымды ашқан Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының президенті Бен Юн мырза ЭКСПО 2017 көрмесінің бүкіл әлемдегі үкіметтерге, бизнесмендерге және мамандарға өздерінің ең жаңа әзірлемелерімен, технологияларымен және инновацияларымен бөлісу мүмкіндігін беретін атаулы оқиға болып табылатынын атап көрсетті.
«Біз болып жатқан оқиғаның бір бөлігі болып отырғанымызға қуаныштымыз. Бүгінгі кеш біз үшін ерекше маңызды, өйткені біз сіздерге телевизия индустриясындағы ең жаңа әзірлемелеріміз - Quantum Dot технологиясындағы QLED TV теледидарларын мақтаныш сезімімен ұсынамыз. Қазіргі уақытта QLED теледидары 100% түс көлемін қамти алатын жалғыз теледидар болып табылады. Бұл - стильді, ақылды және функционалды теледидарлар желісі. Біз сіздерге оның ұнайтынына сенімдіміз», - деді Юн мырза.
Samsung Electronics өкілдері QLED TV революциялық теледидарлар желісінің озықтығы неде екендігін әңгімелеп, оның негізгі артықшылықтарын: metal Quantum dot жаңа экран технологиясын, 100 пайыздық түс көлемін, барынша кең шолу бұрыштарын, 360 градустық бірегей дизайнын, «көзге көрінбейтін» қосылысын, бір пульт қағидатын және көптеген басқа да тұстарын егжей-тегжейлі талдап көрсетті.
Көпшілікпен QLED TV теледидарлары туралы өздерінің білікті пікірлерімен іс-шараның арнайы шақырылған қонақтары: белгілі қазақстандық режиссер Әділхан Ержанов, литвалық дизайншы-сәулетші Роландас Ключинскас және Almatel Kazakhstan компаниясының B2C директоры Рустам Маметов бөлісті.
Әділхан Ержанов экрандағы оқиғаларды сезіну және толық әсер алу үшін экранның барынша көп түс палитрасын көрсетуі, сондай-ақ жарқындылығы мен контрастылығы жоғары болуы неліктен маңызды екендігін әңгімелеп берді.
Ключинскас мырза теледидар дизайнының үй интерьерінде қандай рөл атқаратындығына және  No Gap Wall Mount (теледидар кеңістікті үнемдеп, қабырғаға барынша жақын ілінетін) және Invisible Cable (көзге көрінбейтін сымдар) сияқты шешімдердің арқасында кез келген бөлменің сәнін келтіре алатындығына егжей-тегжейлі тоқталды.
Рустам Маметов QLED TV теледидарларын дауыспен басқару, сондай-ақ интерактивті сервистер және интернетке қосылған теледидардағы ойын-сауық контентінің сан алуандығы сияқты интеллектуалды функциялары өмірді қалай жеңілдететініне назар аударды.

null 

Өнім туралы 
Samsung компаниясының QLED теледидарлары ТВ индустриядағы ең жаңа технологияларды пайдалана және ең талғампаз пайдаланушылардың қажеттіліктерін ескере отырып жасалды. Құрылымы жақсартылған кванттық нүктелер технологиясы бұрынғыдан жоғары жарқындылық деңгейіне және түс гаммасының барынша молдығына қол жеткізуге мүмкіндік берді. QLED теледидарларында шолу бұрышы, түс көлемі, кескіннің жарқындығы мен қанықтылығы сияқты заманауи ТВ-ның барлық негізгі сипаттамалары жетілдірілген және VDE (Verband Deutscher Elektrotechniker) Электрлік, Электрондық және Ақпараттық технологиялардың Неміс Қауымдастығы түс қамтуының 100% дәлдігі және 1500 нит (HDR1500) жарқындығының көрсеткіштері бойынша  QLED теледидарларының сипаттамаларын сертификаттады.
Samsung-тың QLED теледидарларының барлық үлгілері нағыз металды пайдалана отырып жасалған, осылайша Samsung теледидарларының дизайнын жаңа деңгейге шығарудың сәті түсті.
Экраны иілген Q8C үлгісі - сәнді минимализм мен заманауи дизайнның жүзеге асуы. Теледидар тұтас металдан жасалған жіксіз тегіс артқы панелі мен жасырын қосу жүйесі - сыртқы құрылғыларды қосу үшін One Connect модуліне апаратын түссіз оптикалық кабельдің арқасында үйіңіздің интерьерін тамаша толықтыратын болады. Жайпақ экранды Q7F және иілген экранды Q7C сериялы QLED теледидарларының бастапқы үлгілері де металл тағандағы аса жіңішке металл рамамен жиектелген, бірақ оның пластиктен жасалған жіксіз артқы панелі жоқ. Бұл құрылғылар тумба үстінде де, сондай-ақ қосымша аксессуар ретінде сатып алуға болатын, қабырғаға тиіп тұратын Samsung жаңа қабырғалық бекіткішінде де тамаша көрінетін болады.
Дизайнның ең талғампаз бағалаушылары үшін Samsung, сондай-ақ эксклюзивті жаңа ТВ тұғырларын - үштаған түріндегі әдемі   тұғыр мен айналма конус тұғырды ұсынады. Бұдан басқа, биылғы Samsung Smart TV жетілдірілген функцияларын да атап өткен жөн. Samsung Smart Hub жүйесі Samsung брендінің жаңа QLED теледидарларын түйсік тұрғысынан түсінікті және қолайлы басқаруды қамтамасыз етеді, ал One Remote Control әмбебап пульті теледидарды дауыс пәрмендерімен басқаруға мүмкіндік береді. Android және iOS ОЖ үшін қолжетімді Smart View жаңартылған қолданбасы ұялы құрылғыдағы немесе компьютердегі контентті үлкен экраннан көру ғана емес, сонымен қатар теледидардағы Smart Hub қолданбаларын тікелей сіздің ұялы құрылғыңыздан жайлы басқару мүмкіндігін де береді.
Айта кетерлігі, Samsung Electronics Co., Ltd бүкіл әлемдегі адамдарды шабыттандырып, озық идеяларымен жәнетехнологияларымен болашақты қалыптастырады. Компания теледидарлар, смартфондар, тасымалы құрылғылар, планшеттер, камералар, тұрмыстық аспаптар, принтерлер, медициналық және желілік жабдық, жартылай өткізгіштер және LED-шешімдер туралы үйреншікті түсінікті өзгертеді. Компанияның соңғы жаңалықтарын мына сайттардан алуға болады: www.samsung.kz  және news.samsung.com .

null null
null