Samsung смартфондары 256 ГБ жадымен шығарылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Samsung Electronics компаниясы көпшілікке арналған смартфондарының ішкі жадысын 256 ГБ көлемге жеткізбек. Жаңа флеш-жады компьютерлердің SSD-жинақтағышынан екі есе, microSD картасынан үш есе жылдам жұмыс істейді, деп жазады zdnet.com сайты.
Алайда бір қызығы жақында жария етілген Samsung телефондарында ішкі жады көлемі 256 ГБ нұсқасы байқалмады, сондықтан ішкі жады мол смартфондар келесі буында шығады деп күтуге болады.
Samsung сарапшыларының пікірінше, жаңа флеш-жинақтағыштар өте көп көлемде жадыны талап ететін қанықтылығы жоғары дисплейлердің жұмысын оңтайландырады.
Жаңа жадыға USB 3.0 арқылы 5 гегабайт киноны 12 секундта көшіріп алуға болады.