«Samsung-тің» еншілес компаниясы Қытайда ірі автоаккумулятор зауытын салмақ
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Samsung Electronics-тің еншілес кәсіпорны - Оңтүстік Кореяның Samsung SDI компаниясы солтүстік-батыс Қытайдағы Шэньси провинциясының әкімшілік орталығы - Сианиде ҚХР-дағы аса ірі электромобильдерге арналған аккумуляторлар шығаратын зауыт салмақшы, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Жобаға салынатын инвестиция қоры 600 миллион долларды құрайды. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, осы оңтүстіккорейлік компанияның, қытайлық Anqing Ring New Group автобөлшектер өндірушінің және Gaoke корпорациясының арасында тиісті уағдаластыққа қол жеткізілді.
«Бұл жобаның жүзеге асырылуы біздің компаниямызға электромобильдер әлемінде сенімді орын алуға мүмкіндік береді», деп жазады Samsung SDI компаниясының директоры Пак Сан Дин. Зауыт құрылысы биылғы жылдың екінші жартысында басталады, ал, кәсіпорын 2015 жылы пайдалануға беріледі, деп жоспарлануда.
Бұл жоба Samsung SDI компаниясының шетелдегі ең алғашқы ірі өндіріс орны болмақ. Қазіргі кезде компанияның автоаккумуляторлар өндіретін бір фабрикасы бар, ол Оңтүстік Кореядағы Улсан қаласында орналасқан. Samsung SDI компаниясы BMW және Chrysler тәрізді автомобиль өндірушілері үшін электромобильдерді аккумулятор батареяларымен жабдықтайды. Бүгінгі таңда кәсіпорын Tesla Motors компаниясымен келіссөздер жүргізуде.