Samsung-тың бұрынғы қызметкері жымқырған 2,7 млн долларын қайтарды - Бас прокуратура

АСТАНА. ҚазАқпарат - Миллиардтаған қаржы ұрлады деген күдікпен «Samsung Electronics» компаниясының бұрынғы қызметкері АҚШ-тан Қазақстанға қайтарылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасы Фейсбуктегі парақшасында. 

Samsung-тың бұрынғы қызметкері жымқырған 2,7 млн долларын қайтарды - Бас прокуратура

«Аталған компанияның бұрынғы қызметкері Т.Ж. Наурызбаевты елге қайтару Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен АҚШ Әділет департаментінің Тергеу федералды бюросы арасындағы ынтымақтастығының нәтижесінде мүмкін болды. Т.Ж.Наурызбаев 4 млн астам долларды қолды қылған»,  - делінген хабарламада. 

Бас прокуратураның хабарлауынша, тараптардың үйлесімді жұмысының арқасында жәбірленуші компанияға қаражатының көп бөлігі (2,7 млн АҚШ доллар) өндірілген.
Өткен жылдың соңында Наурызбаев Қазақстанға АҚШ-тан депортацияланды. Ол биылғы жылдың ақпан айында Медеу аудандық соттың үкімімен Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.