Samsung ұсталған смартфондарды сатумен айналыспақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Samsung Electronics 2017 жылы premium-сыныпты қолданылған смартфондарды сата бастайды, деп хабарлады Reuters дереккөздерге сілтеме жасап.
Агенттік өкілінің айтуынша, компания жыл сайынғы ескіні жаңа үлгіге ауыстыру бағдарламасының аясында АҚШ, Оңтүстік Корея елдеріндегі клиенттерінен смартфондарды сатып алып, оларды жөндеп, дамушы елдер нарықтарына төмен бағаға сатуды жоспарлауда.
Reuters дереккөзі нақ қай елдерге сатылатынын, қаншалықты бағасы арзан болатынын айтпады.