«Самұрық-Қазына» басшысы депутаттардың сынына жауап берді

АСТАНА. KAZINFORM — «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазына» қоры экономикалық өсудің драйвері емес, тежегішіне айналды деген сынға жауап берді. 

«Самұрық-Қазына» басшысы депутаттардың сынына жауап берді
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

— Соңғы 4 жылда сыртқы күрделі жағдайға қарамастан, активтер құнының орташа жылдық өсімі 11%-ды құрап отыр. Таза табыс өсімі жылына орта есеппен 13%, ал кіріс 12%-ға жетті. Менің ойымша, бұл қордың табысты жұмыс істеп, дамып жатқанын айқындайтын маңызды көрсеткіш, — деді Нұрлан Жақыпов елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Басқарма төрағасының мәлімдеуінше, қордың негізгі міндеті — активтердің құнын арттыру.

— Егер активтерді мемлекеттік органдарға беретін болсақ, мүдде қақтығысы туындайды. Мемлекеттік органдардың табыс табу мақсаты жоқ. Олардың міндеті — әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету. Сондықтан да қор — активтердің экономикалық құнын арттыру бойынша тиімді құрал деп санаймын, — деді ол.

Кеше Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов Премьер-министрдің атына сауал жолдап, «Самұрық-Қазына» қоры Қазақстан экономикасының драйвері емес, тежеуіші деп сынаған еді

Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» қоры қызметіне мемлекеттік аудит жүріп жатыр. Оның нәтижесі маусымның соңында шығады

Сондай-ақ қор басшысы Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазына» жалпы ішкі өнімнің 50-60 пайызын құрайды деген ақпаратты жоққа шығарды

Соңғы жаңалықтар